Zhambyl region
Шу ауданы білім бөлімінің
"М.Маметова атындағы орта мектеп"
Education Department of Kordai district
Reception room :
+7(72636) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72636) 23-11-37
Version for
visually impaired
08
февраль
2017

Ашық сабақ

Сабақтың тақырыбы: Қиылысатын түзулер.Вертикаль бұрыштар
Математика пәні мұғалімі Калкабаева Орынкул Амантаевна
Zhambyl region Шу ауданы Бәйдібек ауылы
Мәншүк Мәметова атындағы орта мектебі
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: қиылысатын екі түзудің бір ғана ортақ нүктесі болатынын, қиылысқанда вертикаль бұрыштардың пайда болуын, олардың градустық өлшеміндерін есептеуді үйрету.
2.Дамытушылық: оқушылардың өздігінен ойлау қабілеттерін дамыту, салыстыра білу, қорытынды шығару, есте сақтау қабілеттерін жетілдіру.
3.Тәрбиелік: оқушыларды жинақылыққа, ұқыптылыққа, шапшандыққа, өз бетімен еңбектенуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: практикалық, проблемалық сұрақ, сұрақ-жауап әдісі
Күтілетін нәтиже: оқушылар қиылысатын түзулердің сипатын біледі, вертикаль бұрыштардың теңдігін өз беттерімен қорытып шығарады.
Сабақтың құрал-жабдықтары: интерактивті тақта, слайдтар, таратпа материалдары, сызу құралдары.
Сабақтың эпиграфы:
Сендердің азат ойларың мен кемел білімдерің – елімізді қазір бізге көз жетпес алыста, қол жетпес қиянда көрінетін тың мақсаттарға апаратын құдіретті күш Н.Ә.Назарбаев
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңдері Тапсырма Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі Психологиялық сәт Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу
Ой сананы арттыру
Бүгінгі күн талабы
Біле білсең бұл дәуір
Математика заманы,- деп біз бүгінгі сабағымызға белсенді қатысып, өз білімімізді, зеректігімізді, шапшаңдығымызды көрсетіп, келген қонақтарымызға көтеріңкі көңіл кhouseсылайық .Олай болса іске сәт!
Schoolchildren бағалау парақтарын тарату Сәлемдеседі
Бірге айтады
Бағалау парақтарын алады
Білу
Қызығушылықты ояту
5-сыныпта өткен материалды еске түсіру 1.Сөзжұмбақ
2. Экспресс-сұрактар
3. Суретке қарап таны
1 Көбейтуге кері амал
2 Үш төбесі және үш қабырғасы бар
геометриялық фигура
3 Екі қатынастың теңдігі
4 Ең кіші төрттаңбалы сан
5 Барлық қабырғалары тең
тіктөртбұрыш
б ө л у
ү ш б ұ р ы ш
п р о п о р ц и я
м ы ң
ш а р ш ы
1. Бұрыш дегеніміз не?
2. Бұрыштың өлшем бірлігі не?
3. Бұрыштың қандай түрлерін
білесіңдер?
4. Қандай бұрыш жазыңқы деп
аталады?
5. Қандай бұрыш тік бұрыш деп
аталады?
6. Қандай бұрыш сүйір бұрыш деп
аталады?
7. Қандай бұрыш доғал бұрыш деп
аталады?
8. Қандай бұрыш толық бұрыш деп
аталады?
Слайд көрсету
Сөзжұмбақ шешеді
Сұрақтарға ауызша жауап береді
Слайдтан бұрыштарды көрсетеді, атайды
Түсіну
Сабақтың тақырыбын және мақсатын ашу Практикалық тапсырма
Проблемалық сұрақтар
1.Жазықтықта А және В екі нүкте белгілеңдер
2.Осы нүктелер арқылы түзу жүргізіңдер. Неше түзу жүргізуге болады? Жазақтықты неше бөлікке бөліп тұр?
3. Бір О нүктесін белгілеңдер. Осы нүкте арқылы екі түзу жүргізіңдер. Осы екі түзу туралы не айталасыңдар?
Қиылысатын түзулер пайда болды.
4. Қиылысатын екі түзу жазықтықты неше бөлікке бөліп тұр?
5. Пайда болған бұрыштардың қабырғаларын қарастырайық:
вертикаль бұрыштар пайда болды
Сабақтың тақырыбы: Қиылысатын түзулер. Вертикаль бұрыштар
Мақсаты: түзулер қиылысқанда пайда болатын вертикаль бұрыштар туралы оқып, үйрену Сызғышты пайдаланып тапсырманы орындайды
Сұрақтарға жауап береді
Екі түзу бір нүктеде қиылысып тұр.
Қорытынды:
Қиылысатын екі түзудің ортақ бір ғана нүктесі болады
Оқушылар қорытынды жасайды:
<1 –тың қабырғаларының созындысы <3 –тың қабырғалары, ал <2 –тың қабырғаларының созындысы <4 –тың қабырғалары болып тұр.
Проблемалық сұрақ
Егер а түзуі мен в түзулерінің қиылысуынан пайда болған бір бұрыш белгілі болса, қалған бұрыштардың градустық өлшемдерін тауып алуға бола ма? Оқушылар сұраққа жауап береді
Қолдану Оқулықпен жұмыс
Жеке тапсырма
Оқулықпен жұмыс 81 беттегі тапсырма
1) Суреттегі а және в түзулерінің неше ортақ нүктесі бар?
2) <1=200 . <2, <3, <4-тің градустық өлшемдерін табыңдар.
3) Өзара тең бұрыштарды жазыңдар.
Тапсырма №2: 1) <1=600; 2) <1=700;
3) <1=500; 4) <1=400; 5) <1=800;
6) <1=300; 7) <1=1000; 8) <1=100.Қалған бұрыштарды табыңдар.
№1106 (А деңгейі)
№1109 ( А деңгейі) Оқушылар:
1.Бір ортақ нүктесі бар, яғни бұл қиылысушы түзулер
2.Есептейді:
<2=1800 – 200 =1600
<3=1800- 1600= 200
<4= 1800 – 200 =1600
3. Салыстырады:
<1=<3; <2=<4
4. Қорытынды шығарады:
1. Вертикаль бұрыштар өзара тең.
2. Екі түзу қиылысқанда пайда болатын вертикаль бұрыштардың бір жұбы сүйір бұрыштар болады , бір жұбы доғал бұрыштар болады.
Дәптерге жазады
Сурет бойынша ауызша орындайды
Дәптерге жазады
Талдау Практикалық жұмыс №1118* ( С деңгейі) Сағатпен жұмыс жасайды
Жинақтау Тест тапсырмалары 1.Қиылысатын түзулердің неше ортақ
нүктесі бар?
А)1;В)2;С)3; Д) ортақ нүктесі болMayды
2. Бір бұрыштың қабырғаларының әрқайсысы екінші бұрыштың қабырғаларының созындысы болатын екі бұрыш қалай аталады?
А) толық бұрыш; В) сүйір бұрыш; С) вертикаль бұрыштар; Д) тік бұрыш
3.Екі қиылысатын түзулер жазықтықты неше бұрышқа бөледі?
А)1; В)2; С) 3; Д)4 Тест тапсырмаларын орындайды
1) А
2) С3) Д
Бағалау Өзін-өзі бағалау
(2 мин) Бағалау парақтары; бағалау шкаласы Әр оқушы өзін-өзі бағалайды
Үйге тапсырма №1110, ережелерді жаттау Күнделіктеріне жазады

Похожие публикации:

08 февраль 2017 ашық сабақ
08 февраль 2017 ашық сабақ
08 февраль 2017 ашық сабақ
08 февраль 2017 АШЫҚ САБАҚ
08 февраль 2017 ашық сабақ