Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"М.Маметова атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
08
февраль
2017

АШЫҚ САБАҚ

Пәні: әдебиет Сабақтың тақырыбы:
Абай Құнанбайұлы: «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңі Күні: 13.10.2016ж
Сыныбы: 6

Сабақтың түрі Аралас сабақ
Сабақтың мақсаты Абай өлеңдерінің тақырыбы, идеясы туралы түсіндіру. Өлеңдерінде айтылған ойды өздеріне ғибрат етіп алып, өмірде қолданулары қажет екенін ұғындыру.
Күтілетін нәтиже Абай өлеңдерінің тақырыбы, идеясы туралы біледі, түсінеді. Өлеңдерінде айтылған ойды өздері өмірде қолдана алады.
7 модульдің қолданылуы «АКТ», «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер», «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау», «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету», «Оқытуды басқару және көшбасшылық», «Талантты және дарынды балаларды оқыту», «Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу»

Қолданылатын әдіс-тәсілдер «Мозаика», «Жасырын сұрақтар», «Ой қозғау», «Кластер», «Әдеби үйірме», «Бес жолды өлең», «Сәйкестендіру», «Күн көзі»
Қолданылатын ресурстар Оқулық, жұмыс дәптері, кластер, маркерлер, қима қағаздар, интерактивті тақта, стикерлер, ноутбук
Ұйымдастыру кезеңі
(3 мин)




Психологиялық ахуал орнату мақсатында «Массаж жасау» әдісін қолдану

«Мозаика» әдісі бойынша оқушыларды топқа бөлемін. Абайдың өлеңдерінің атын құрау арқылы топтарға бөлінеді.
І топ: Жасымда ғылым бар деп ескермедім.
ІІ топ: Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат.
ІІІ топ: Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы. Оқушылар бір-біріне массаж жасайды.

Оқушылар қиылған қағаздарды алып, сәйкес келген өлең жолдарын жинау арқылы топ құрады.
Сабақ кезеңдері Тапсырма Мұғалімнің іс-әрекеті Оқшылардың іс-әрекеті
Білім
(6 мин)

«Жасырын сұрақ» әдісі арқылы үй тапсырмасын пысықтау Сұрақтарды бөлменің әр бұрышына тығып қоямын.
І топ: 1) Абайды әкесі Құнанбай не себептен оқудан алдыртты? 2) Абай атамыз бізді қандай болуға шақырады?
ІІ топ: 1) Абай не себепті әдебиетке жақын болды деп ойлайсыңдар?
2)Абайдың қарасөздерін білесіңдер ме?
ІІІ топ: 1) «Құлақтан кіріп, бойды алар» өлеңін жатқа айт. 2) Абайдың жанұясы туралы әңгімеле Бөлмеде жасырулы тұрған тапсырманы іздеп тауып, сұрақтарға жауап береді.
Түсіну
(3 мин) «Ой қозғау» әдісі Оқушыларға Абайдың білім, ғылым туралы өлеңдерін сұраймын. Соның ішінде «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңін жаңа тақырып етіп аламын. Оқушылар өздері білетін өлеңдерін айтады.
Қолдану
(13 мин) Кластер І топ: Автор өмірінен дерек
ІІ топ: Шығармашылығы
ІІІ топ: Өздеріңе ұнаған жолдарын жаттап алыңдар Оқушылар берілген тақырыптар бойынша өз ойларын кластерге түсіріп, тақтаға шығып қорғайды.
Талдау
(8 мин) «Әдеби үйірме» әдісі
І топ: мәнерлеп оқу,мазмұнын баяндау
ІІ топ: өлең мазмұны бойынша сұрақтар құрастыру
ІІІ топ: Өлеңдегі Абайдың қанатты сөздерге айналған жолдары Оқушылар өздеріне берілген тапсырманы топ болып орындайды.
Жинақтау
(7 мин) «Бес жолды өлең» әдісі Оқушыларға топ болып өлең шығаруды тапсырамын. Топ мүшелері тақырыпқа байланысты өлең шығарады.
Бағалау
(2 мин)
«Сәйкестендіру» Абай Пушкин , Гоголь
Аудармалары - Құнанбай
Ұстаздық еткен жалықпас 1845-1904 жж
Әкесі Үйретуден балаға
Екі анасы Кетігін тап та, бар қалан
Сен де бір кірпіш дүниеге Ұлжан, Зере
Оқушылар берілген сәйкестендіру парағын толтырадыш да, интерактивті тақтада берілген дұрыс жауабымен өздерін тексереді.
Рефлексия
(2 мин) «Күн көзі» әдісі Тақтаға күннің ортасын іліп қоямын. Оқушылар сабақ туралы өз ойларын сары түсті жолақ қағаздарға жазып, тақтада салынған күннің суретіне барып жапсырады.
Үйге тапсырма
(1 мин) «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңін жаттау Оқушылар берілген тапсырманы күнделікке жазып алады.

Похожие публикации:

08 февраль 2017 ашық сабақ
08 февраль 2017 ашық сабақ
08 февраль 2017 ашық сабақ
08 февраль 2017 Ашық сабақ
08 февраль 2017 ашық сабақ