Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"М.Маметова атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектептегі тәрбие жұмыстарының І жартыжылдық мәліметі
08
февраль
2017

Мектептегі тәрбие жұмыстарының І жартыжылдық мәліметі

Мәншүк Мәметова атындағы шағын орталықты орта мектебінде тәрбие бойынша атқарылған іс-шаралардың I-жартыжылдық есебі.
2016-2017 оқу жылы «Армысың алтын ұя мектебім» атты салтанантты жиынмен басталды. Алғаш мектеп табалдырығын аттаған оқушылар 12 жылдық білім беру жүйесі бойынша жаңартылған бағдарлама негізінде оқитын болды.Салттанатты жиынды мектеп директоры Ж.Н.Шалбаева құттықтау сөз сөйлеп ашты.Мерекелік жиынға ауыл тұрғындары,ата-аналар қатысып отырды Мерекелік жиын концерттік бағдарламаға ұласты. Ортаға шақырылған 1-сынып оқушыларына 11-сынып оқушылары өз сыйлықтарын табыс етті. Мерекелік кеш соңында оқушылар сынып бөлмелеріне кіріп Білім күніне арналған тәрбие сағаттарына қатысты.




Ауылдық мәдениет үйінде Халықаралық қарттар күніне орай мерекелік іс-шара өткізілді.Мереклік іс-шараны ауыл әкімі Н.Е.Қондыбаева құттықтау сөз сөйлеп ашты. Бәйдібек,Бөлтірік ауылынан келген қарттарға сыйлықтар берілді.Мерекелік кеш барысында мектеп оқушылары өз өнерлерін көрсетіп көрермен ықыласына ие болды. Қарттар сөз сөйлеп өнер көрсеткен жастарға өз рахметтерін айтты.

Ұстаздар мерекесіне орай мектептің акт залында мерекелік жиын өткізілді. Сыныптар мерекеге байланысты қабырға газеттерін шығарып,тәрбие сағаттарын өткізді.Мерекелік жиынды мектеп директоры Ж.Н.Шалбаева құттықтау сөз сөйлеп ашты. Бүкіл ғұмырын бала тәрбиесіне арнаған ұстаздар қауымын мерекесімен құттықтап ардагер –ұстаз З.Бишаеваға 75 жас мерейтойына орай аудандық кәсіподақ ұйымының құрмет грамотасын табыстады.Мектепте жемісті еңбек атқарып жүрген мұғалімдерге мектеп директоры Ж.Н.Шалбаева құрмет грамотасын табыс етті. Мерекелік жиын концерттік бағдарламамен жалғасты.



Биылғы күз мерекесі 3 буын (бастауыш,орта,жоғарғы) аралығында сайыс түрінде өткізілді.Сыныптар қабырға газеттерін шығарып,сайысқа мұқият дайындалды. Кезең бойынша оқушылар өз өнерлерін ортаға салды.Бастауыш сынып оқушылары «Орман патшалығы» атты қойылымды қойды.Орта буын оқушылары өзара жарысқа түсіп әділқазылар алқасының шешімімен 8-сынып оқушылары 1-орын алды. Жоғарғы буын оқушылары да кезең бойынша жарысқа түсіп 9-сынып оқушылары әділқазылар алқасының шешімімен 1-орынға ие болды.






Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесіне орай автошеру өткізілді.Автошеру барысында аудандық әкімшілік аппаратының қызметкерлері,білім денсаулық сақтау, мәдениет, өнер қызметкерлері жергілікті халықпен кездесті. Мектеп оқушылары концерттік бағдарлама қойды.Әкімшілік тарапынан көпбалалы, аз қатылған отбасыларға сыйлықтар табысталды.





1-желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай мектептің акт залында мерекелік іс-шара өткізілді. Мектеп кітапханасында Елбасының өмір жолынан сыр шертетін көрме ұйымдастырылды. Сыныптар мерекеге байланысты қабырға газеттерін шығарды.Мектеп оқушылары мерекелік кештің жоғарғы деңгейде өтуіне белсенді ат салысты.Мерекелік кеш барысында мектеп кітапханашысы Ж.Кенжегулова Елбасының өмір жолы туралы оқушыларға қысқаша баяндап берді.





16-желтоқсан Тәуелсіздік мерекесіне орай мектептің акт залында мерекелік іс-шара болып өтті. Қабырға газеттері шығарылып сыныптарда тәрбие сағаттары өткізілді.Мерекелік іс-шараны мектеп директоры Ж.Н.Шалбаева құттықтау сөз сөйлеп ашты. Оқушылар өз өнерлерін ортаға салып, мерекелік іс-шараға белсенді қатысты.Оқушылар Желтоқсан оқиғасына байланысты көріністер қойып, мәнерлеп тақпақ оқыды.




Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты мектеп ауласында оқушылардың қатысуымен флешмоб өткізілді. Оқушылар бірыңғай сары түсті киім киіп жоғары сынып оқушылары шеңбер жасап, бастауыш сынып оқушылары шеңбер ішіне сызылған 25 жыл деген жазудың айналасында тұрып әуен ырғағымен жаппай би биледі.


Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты мектеп кітапханасы мен мектептің ішкі бөлмелерінде көрме ұйымдастырылды. Көрмеге оқушылар жасаған қолөнер бұйымдары, Тәуелсіздікке байланысты кітаптар қойылды.




Биылғы оқу жылында Мәншүк Мәметова атындағы шағын орталықты орта мектебі бойынша Жас Ұлан балалар мен жасөспірімдер ұйымына барлығы 25 оқушы қабылданды.Оның ішінде: Жас Қыран тобына 11 Жас Ұлан тобына 14 оқушы салтанатты түрде қабылданды.Концерттік бағдарлама аясында оқушылар салтанатты түрде мектптің акт залына кіріп 2 қатарға бөлініп тұрды. Жас Ұлан анты мен ұранын айтып озат оқушылар мен мұғалімдер ұйым құрамына қабылданған оқушылардың төсбелгісі мен галстугын ресми түрде табыс етті





Жас ұрпаққа өнегелі тәрбие беру мақсатында мектеп кітапханашысы Ж.Кенжегулованың ұйытқы болуымен белгілі зерттеуші М.Уақтегімен кездесу өткізілді.Кездесу барысында М.Уақтегі балалық шағы,өзінің зерттеушілік қызметі туралы әңгімелеп берді. Кездесу кешін мектеп директоры Ж.Н.Шалбаева құттықтау сөз сөйлеп ашты.Кездесуге ауыл ақсақалы Б.Рысқұлов пен ардагер ұстаз А.Ақботаева қатысып отырды.


Мектептің акт залында Жаңа жыл мерекесіне орай концерттік іс-шара болып өтті.Сыныптар қабырға газеттерін шығарып,концертке мұқият дайындалды. Сыныптар арасында «Ең үздік қабырға газеті» байқауы ұйымдастырылып,эстетикалық талғамы жоғары,тақырыпқа сай қабырға газеттері іріктеліп 1-орынды барлық талапқа сай келетін 8-сынып оқушыларының шығарған қабырға газеті жеңіп алды.Оқушылар мерекелік кештің жоғары деңгейде өтуіне өз ықпалдарын тигізді.Мерекелік кешке ата-аналар, мектеп ұстаздары көрермен ретінде қатысып отырды






Мектеп директоры Ж.Н.Шалбаева




Дайындаған тәрбие ісі-жөніндегі орынбасары:Г.У