Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"М.Маметова атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
08
февраль
2017

Тәрбие жоспары

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігі
Шу ауданы Мәншүк Мәметова атындағы
орта мектебінің коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Тәрбие жұмысының
2015-2016 оқу жылының
жылдық есебі
Бәйдібек ауылы
1-қыркүйек Білім күні, яғни білім күні салтанатты жиынды мектеп директоры Шалбаева Жазира Нұрғабылқызы ашты. Сөз кезегі ауыл әкімі Қондыбаева Найля Ескенқызына, ардагер ұстаз Ақботаева Ажар Оразалықызына да берілді. Мектеп директоры ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтің «Менің –Отаным Қазақстан» атты кітабының алғы сөзін оқып беріп, мектеп табалдырығын алғаш аттаған оқушыларға
салтаннатты түрде табыс етті.
Оқу ісі жөніндегі орынбасары Қалқабаева Орынкүл Амантайқызы салтанатты жиынның тақырыбымен және бұйрықтармен таныстырып өтті. «Менің –Отаным Қазақстан» тақырыбында әр сыныпта білім сабақтары өтілді.

18 қырқүйекте « «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының ұланбасы сайлауы болды . Ұланбасы 7 сыныптың үздік оқушысы Әскербек Айжан сайланды . "Жас ұлан" ұйымының Зерде, Руханият, Атамекен,Салауат,Экоәлем,Жеті Жарғы,Еңбек бағыттарына да жас ұландықтар арасында жетекшілер сайланды. Қыркүйек айының соңында «Ынтымағы жарасқан туған өлкем –Қазақстан» атты аудандық ән-би байқауында ІІ орынды Мұқан Сәбит иеленді

1-қазан қарттар күніне орай аулдық клубта «Қарттарым аман сау жүріңдерші?!» атты мерекелік кеш өткізілді .
Мерекелік кеште ауыл әкімі Н.Қондыбаева ауыл ақсақалдарын, көп балалы аналарды мерекелерімен құттықтап, ауыл әкімшілігінің ұйымдастыруымен шағын сыйлықтар берілді. Кештің соңы мектеп оқушыларының дайындаған ән-билерімен жалғасты.
Сонымен қатар, Ұстаздар күніне орай «Ұстазым –ұлағатым, үлгі өнегем» атты атты мерекелік іс-шара болып өтті .

Бұл мерекеге мектеп ұстаздары мен ардагер ұстаздар да қонақ ретінде шақырылды.Ардагер ұстаздар төрайымы Ажар Оразалықызының бастамасымен осы мектепте ұстаздық қызметін атқарып, құрметті демалысқа шыққан ардагер ұстаздар және олардың жолын қуып,ұстаздар әулетін жалғастырушы осы білім ордасында жұмыс жасап , ұстаздық қызмет атқарып жүрген мұғалімдердің суреттері мен мәліметтері жинақталып, слайдтан көрсетіліп отырды .
Мерекелік кештің ашылуында мектеп директоры Жазира Нұрғабылқызы сөз сөйлеп, ардагер ұстаздарды және мектеп ұжымын төл мерекелерімен шын жүректен құттықтады. Сонымен қатар мектеп директоры ардагер ұстаздарды мектепке сіңірген еңбектері үшін және бірқатар мұғалімдерге мақтау қағаздармен марапаттап,гүл шоқтары мен сыйлықтар табыс етті.Ұстаздарымызға оқушыларымыз ән-жырдан шашу шашты.

10-15 қазан айы аралығында Еңбек күнін мерекелеуге байланысты мектепте іс-шаралар жоспары құрылып бекітілді.Қазақ тілі пәні мұғалімі Ә.Әлімқұлова 9-10 сыныптар арасында «Мен таңдаған мамандық» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстелге ардагер ұстаз А.Ақботаева шақырылды . Мектеп психологы А.Жұртшыбаева 9-10 сынып оқушыларына «Болашақта қандай мамандық таңдаймын?» сауалнамасын және «Мамандықты тап!» тренингін жүргізді.Тренинг оқушыларға өте жақсы әсер етіп,оларды әр түрлі мамандықтарды құрметтеуге үйретті. «Ашық есік күні белгіленіп Бірлік ауылындағы «Асфальт» зауытына 9-10 сынып оқушыларын топсеруенге апарып,
зауыттың жұмыс істеу тәртібімен,ондағы құрылғылармен таныстырып,біраз мағлұмат алып қайтты.Технология пәні мұғалімі Г.Анарбек 6 сынып оқушыларымен «Шебер қолдар» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.

15 -20 қазан айы аралығында ҚР Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 227 бұйрығымен бекітілген «Тәрбиелеудің тұжырымдамалық негіздеріне» сәйкес барлық мектепке дейінгі және білім мекемелерінің 2015-2016 оқу жылына арналған тәрбиелеу жоспарына сәйкес «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы» тақырыптар қазан айынан бастап, айына екі рет енгізілді. Мектепте «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбы бойынша іс-шара жоспары бекітілді.

«Бүлдіршін» шағын орталығында,әдіскер-психолог:Ш.Каримбаева «Өзіңді-өзің тани білесің бе?» тақырыбында баяндама оқыды. Даярлық топтың сынып жетекшілері:Ғ.Ілкібаева мен А.Рыспанбетова «Еңбек түбі-береке» тақырыбында оқушылармен әңгімелесу жүргізді. Оқушылар еңбек дегеніміз не? Қандай мамандықты білесіңдер? Өскенде кім боласыңдар деген сұрақтарға жауап беріп,еңбек ,мамандық туралы мағлұматтар алды.
Әңгіме соңында сергіту сәтінде би-билеп, ән айтылды.

Қазан айының соңында «Күзгі бал» мерекесін өткіздік 5-6-7 сыныптар аралығында болды. Өздерінің топтарын, төс белгілерін қорғап, күз туралы сәлемдесу, өлеңдерін оқып өнерлерімен таныстырды.
«Күз - береке бастауы» бағдарламасы 8-9-10 сынып аралығында да өтті. Қорытындысын шығарып, күз ханшасы сайланды.

20-24 қараша аралығында Мектепте «Нашақорлықтың алдын алу» мақсатында іс-шара жоспары құрылып бекітілді.Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Уәлиева «Жас жеткіншектерді нашақорлыққа апаратын факторлар» тақырыбында 8-11 сынып оқушыларына баяндама оқыды.9- сынып жетекшісі Б.Дүйсенбиева, 4-сынып жетекшісі Т.Шубаева
«Нашақорлық-қауіпті дерт»тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді.
8-9 сыныптар арасында «Біз салауатты өмір салтын қалаймыз» тақырыбында шығарма жазды.
Сурет пәнінің мұғалімі А.Сәрсенбеков «Біз есірткіге қарсымыз!»
тақырыбында сурет байқауын өткізді. Аудандық «Өнер мектебінде» өткен «Біз есірткіге қарсымыз» атты
оқушылар арасындағы семинарына 9 сынып оқушылары қатысып. «Белсене қатысқаны үшін» алғыс хатын алды

1-желтоқсан. Тұңғыш Президент күні қарсаңында сынып жетекшілері
«Біздің Елбасы» тақырыбында сынып сағаттарын өткізді.

15-желтоқсан күні Тәуелсіздік күніне орай «Жас Ұлан» ұйымына оқушылар қабылдау рәсімі салтанатты түрде өткізілді. « Жас қыранға» 7 оқушы, «Жас Ұланға» 14 оқушы қабылданды. «Жас Ұландықтар» мен аға тәлімгердің ұйымдастыруымен
«Тәуелсіздік –елімнің ерлік жолы» атты мерекелік кеш ұйымдастырылды. Онда мектеп оқушылары өздерінің егеменді еліне деген көптеген өлең жырларын тақпақтарын айтты .Интерактивті тақтада 1986 жылы болған желтоқсан көтерілісінен үзінді көрсетілді. Кеш соңында мектеп директоры Шалбаева Жазира Нұрғабылқызы сөз сөйлеп,жиналған халықты құттықтап жақсы тілектер айтты.

16 желтоқсан Тәуелсіздік мерекесі күніне орай мектеп спорт залында
Денешынықтыру пәні мұғалімдері мен ауыл жастарының ұйымдастыруымен
оқушылар арасында аймақтық «тоғызқұмалақ», «шахмат», «дойбы», «күрес»
ойындары ойнатылып жеңімпаздарды марапаттап жүлделі орындар мен
сыйлықтар берді.

Жаңа жыл мерекесіне орай, мектебімізде дайындық жұмыстары жүргізілді,мектептің айналасы мерекеге сай безендірілді.
Әсем безендірілген шыршаның жанында мерекені мектеп жанынан ашылған «Бүлдіршін»шағын орталығы бастады. «Жасұландықтар» ертегі кейіпкерлері киімін киіп бүлдіршіндермен ойындар ойнап, өнерлерімен бөлісті.

Республикалық «Қайырымдылық» акциясы дәстүрлі түрде екі жылдан бері мектебімізде өз жалғасын тауып келеді. Айлық барысында Мәншүк Мәметова атындағы орта мектебінде де тұрмысы төмен және көп балалы отбасынан шыққан білім алушылар және үйде оқытылатын 1оқушы анықталды . Аталған шара аясында мектебімізде тұрмысы төмен отбасы балаларына көмек көрсету мақсатында «Мейірім шуағы» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды, мектеп мәжіліс залында өткен акцияға ауылымыздың азаматы жеке кәсіпкер А. Қопабаев келіп көмек көрсетті. Мектеп ұжымы тарапынан да жиналған қаржыға оқушыларға керекті киім –кешектер (куртка, қыстық аяқ киімдер) алынып берілді. Демеушілеріміз балаларға деген жақсы тілектерін жылы лебіздерін білдірді. Үйде оқытылатын Жұмабек Саматқа да мектеп ұжымы атынан жылы куртка берілді. Мектеп директоры Жазира Нұрғабылқызы балаларға жақсы тілектерін айтып, демеушілік көрсеткені үшін ауыл азаматтарына алғысын білдірді. Соңынан «Жас Ұлан » ұйым мүшелері дайындаған шағын концерттік бағдарламаны тамашалады. Мектебімізде әлі де осындай игі істер жалғасын табады деп сенеміз.
Өскелең ұрпаққа берген білімімізбен тәрбиеміз, келешекте еліміздің өркендеп өсуі мен дамуына ықпал жасасын деп тілейміз

Кеңес әскерлерінің Ауғаныстаннан шығарылғанына 27 жыл толуына орай ауылдық мәдениет үйінде мектеп тәлімгері мен мәдениет үйі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен ауған ардагерлерінің аналарымен кездесу өтті. Кездесуге интернационалист жауынгер Қанат Төлеуовтың анасы Ахан Тоқбергенова мен Төлен Багубаевтың анасы Зейтана Бишалова, ауыл әкімі Н.Қондыбаева,бас маманы Е.Кірпікбаев, мәдениет үйі қызметкерлері және оқушылар қатысты. Алғы сөз ауыл әкімі Нәйлә Ескенқызына берілді. Өз сөзінде оқушыларға патриоттық тәрбие бере отырып, елжандылық, отансүйгіштік,ізгілік қасиеттерді бойларына сіңіре білуге тәрбиелеу,жас ұрпақтың патриоттық сезімдерін оятуға ықпал ету керек екенін айтып өтті. Мектеп кітапханашысы Ж.Кенжеғұлова өз баяндамасын оқыды.
Сөз кезегі интернационалист жауынгерлердің аналарына беріліп, аналарымызға дайындаған шағын сыйлықтар берілді. Кеш соңында мектеп оқушылары дайындаған шағын концерттік бағдарламамен жалғасты.

8-Наурыз халықаралық әйелдер күні қарсаңында мектепте ертеңгіліктер,тәрбие сағаттары,байқау, ән-шашу өз дәрежесінде ұйымдастырылды
Бұл тәрбие сағаттарына ата-аналары да шақырылып,ұл-қыздарының өнерлерін тамашалап қана қоймай оқушылар өздері қолдан жасаған сыйлықтарын тарту етті . 9-10 сыныптар аралығында «Ару қыздар» байқауы ұйымдастырылды.
Мерекелік кешке ардагер ұстаздар,аяулы аналар,мұғалімдер шақырылды. Мерекелік шарада сөз алған мектеп директоры Шалбаева Жазира Нұрғабылқызы әйелдер қауымын,қымбатты қыздарымызды төл мерекесімен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Бірқатар ұстаздар мен кіші қызметкерлерді мақтау грамотасымен марапаттады. Интерактивті тақтадан аяулы ұстаздарымыздың суреттері көрсетіліп отырды, мұнда ән де,би де, көрермен көңілін көтерді.Сөз соңында ардагер ұстаздарға сөз беріліп мектеп ұжымы мен оқушыларға ризашылықтарын білдірді. Ардагер ұстаздарға мектеп ұжымы атынан дайындаған шағын сыйлықтары мен гүл шоқтарын тарту етті. Залдағы көрермен аналар мен аруларымызға да гүл шоқтарын сыйлады.
Мектебімізде мерекелік іс-шара өз дәрежесінде атқарылды

Наурыз айының 17 күні оқушыларды рухани адамгершілікке, достыққа, мейірімділікке тәрбиелеу; өзгелер үшін қайырымды істер жасай білуге, қол ұшын беріп, көмек көрсетуге үйрету мақсатында «Жас Ұлан» ұйымының мүшелері қайырымдылық күнін өткізді. Қайырымдылық акциясының негізгі міндеті,ардагерлер,көмекке мұқтаж жалғызбасты қарттарға көмек көрсету болып табылады. Жасұландықтар ауылдағы жалғыз тұратын қарт ана Зоя Брасилова апаның үйіне барып отын жарып, ауласын сыпырып ауладағы қажетсіз заттарды, темір терсектерді жиыстырды ,қыздар үйдің ішін де жинасып көмектерін берді.

Біраз шаруасын бітіріп берген оқушыларға алғысын білдіріп, батасын берген қарт ана жылы жүзбен шығарып салды. Оқушылар бұл іс-шара барысында өздеріне түйгені ата-анаға деген қамқорлық пен құрмет, балалық парызын өтеу. өздерін адамгершілікке, инабаттылыққа, тәрбиелікке, саналы азамат болып өсуіне ықпал жасау. Жақсыға үйреніп, жаманнан жирену.
Қазақ халқы үшін Наурыздың орны бөлек. Халқымыз бағзы заманнан бері әз-Наурызды сағына күткен .Бұл күні үлкен -кіші,кәрі-жас, жұмыла жиналып бас қосқан,өткенге салауат,барға береке айтқан. Ақтың молаятын, тіршіліктің жаңаратын кезеңіндегі бұл мейрам мектебімізде де өз дәрежесінде атап өтілді. Әр сыныпта «Қош келдің –әз Наурыз!» тақырыбында сынып сағаттары болып өтті.

5-10 сыныптар арасында болған сынып сағаттарында қазақтың ұлттық салт-дәстүрлері көрсетіліп әндер айтылып,ұлттық билерді биледі. Мәжіліс залында «Армысың-әз Наурыз» атты мерекелік кеш өткізілді. Мектеп ұжымының ұйымдастыруымен мектеп ауласында қой сойылып ауыл имамы құран оқып,наурыз көже таратылды.
Мереке аясында мектеп спорт алаңында спорттық ойындар ойнатылып ,оған оқушыларымыз белсене қатысты. Спортттық ойындар арасында қазақша күрес аса тартысты әрі қызықты өтті. Футбол,Баскетбол ойындары да ойнатылып мақтау грамоталарымен,шағын сыйлықтармен марапатталды .
Мектебімізде «Жас Ұлан» ұйымының «Жеті жарғы» бағыты бойынша «Құқық –әділет пен парасат жолы»тақырыбындағы аудандық тәлімгерлер іс –тәжірибе тарату семинары болды, оған аудан мектептеріндегі барлық тәлімгерлер қатысты.Мектеп тәлімгері Г.Қарнақбаева мектепте өткізілген құқықтық тәрбие жөнінде баяндама оқыды.

Бағдарлама бойынша мектеп психологы А.Жұртшыбаева таныстыру треннингін өткізді. Тарих пәні мұғалімі Уальбаева К.Қ. «Құқықтық сауаттылық » сыныптан тыс ашық сабақ өткізді. «Мәңгілік елдің білімді ұрпақтары» атты мерекелік кешке ұласты .
1-мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай сыныптар арасында «Халықтар достығы» фестивалін өткізді Ұлттық киім киген оқушылар әр ұлттың салтын,өнерін көрсетіп Қазақстан халқына деген жүрекжарды ізгі ниеттерін білдірді.Слайд арқылы әр ұлттың салт- дәстүрінен мәлімет көрсетілді.
Ұлттық ән мен билерімен қоса әр ұлт өкілдері өз ұлттық тағамдарында ала келіпті, атап айтар болсақ, 1сынып «қазақ» ұлты қазақтың қыз-жігіттерінің кешкі сауық сайраны бастаңғысынан үзінді көрсетсе. «Өзбек» ұлты болған 4 сынып оқушылары өзбек ұлтының қонақ кәдесін көрсетіп, биші қыздары мен ұлдары «Наманганның алмасы» биімен кешті қыздыра түсті.
Өткізілген кеш жас ұрпақтың патриоттық сезімін ояту ұлттар арасындағы өзара қарым –қатынасын дамыту,Отанын құрметтеуге тәрбиелеу аясында өтті.

7-мамыр «Отан қорғаушылар күніне»арналған « Сапта жүріп ән айту» байқауы болып өтті . «Балдырған» 1-4 сынып аралығында , «Ұландар» 5-8 сынып аралығында, «Азамат» 9-11 сыныптары аралығында топтарға бөлінді. Мұғалімдер арасынан әділқазылар алқасы құрылып, әр сыныптың сапқа тұру байқауында киген киімдері,жүрген жүрістері,топтың аты,ұраны, айтқан әнін әділқазылар жоғары дәрежеде бағалады.Сапқа тұру байқауында жақсы қатысқандар мақтау қағаздармен марапатталды.
Мектеп директоры Ж.Н.Шалбаева оқушыларды сапқа тұру байқауында жақсы қатысқан сыныптарды марапаттаумен қатар ризашылығын білдірді. Мектептің алғашқы әскери дайындық жетекшісі Қ.Төлеуов сапқа тұру байқауын өз дәрежесінде өткізді.

Ұлы жеңіске биыл 71 жыл толды. Адамзат тарихындағы айтулы мереке Мәншүк Мәметова орта мектебінде де аталып өтті. Сыныптар арасында, «Ер есімі –Ел есінде» атты тәрбие сағаттары өткізілді. 9-мамыр күні Ұлы Отан соғысында қаза болған жауынгерлерге арналған ескерткіш жанында үлкен мерекелік салтанатты жиын болып өтті. Жиынды ауылымыздың әкімі Н.Қондыбаева апай ашты. Бұл жиынға ауыл еңбек ардагерлері,ата-аналар,мектеп ұжымы,оқушылар қатысты. Ауыл ақсақалы Б.Рысқұлов,мектеп директоры Ж.Шалбаева мерекелік құттықтау сөз сөйлеп,мектеп оқушылары ескерткішке гүл шоқтарын қойды.
Мектеп оқушыларының ұйымдастыруымен мерекелік концертпен ұласты. Мерекеміз әрі қарай спорттық ойын түрлерімен жалғасты. Әрбір спорттық ойынға жүлде тағайындалды.
9-мамыр жеңіс күніне арналған мерекелік жиын өз дәрежесінде өтті.

25 мамыр күні оқу жылының аяқталуына байланысты «Сыңғырла күміс қоңырау» атты мерекелік жиын өткізілді. Салтанатты түрде 1-11-сынып оқушылары мен сынып жетекшілері ортаға шақырылды.

Мектеп директоры Шалбаева Жазира Нұрғабылқызы мерекелік жиынды ашты. Жоғарғы буын оқушылары флешмоб ұйымдастырып өз өнерлерін ортаға салды.Одан кейін сөз кезегі Шу ауданы әкімінің орынбасары Сейдахметов Самат Бектібайұлы, ауыл әкімі Нәйлә Ескенқызы, ауыл ақсақалы Рысқұлов Балтабай құттықтау тілектерін айтып өтті. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары О.Қалқабаева оқу жылының аяқталуына байланысты мектеп бұйрығымен таныстырды. Мектеп бұйрығымен таныстыру аяқталған соң үздік оқушылар марапатталып 33 оқушы үздіктер шеруін жүріп өтті. Даярлық сынып оқушысы Ниетбек Үміт «Оқуда озат боламын» әнін орындады.Білім кілтін
11-сыныптың оқу озаты Ескен Наркиза 10-сынып оқушысы Иманберді Ботакөзге білім кілтін тапсырды. Жас түлектер үшін «Соңғы қоңырау» соғылды. Мерекелік кеште 11-сынып оқушыларының ата -аналары өздерінің ақ тілектерін білдірді. Мерекелік жиын «Ұстазым » әнімен аяқталды.
Мектепте жазғы каникул кезеңінде балалар мен жасөспірімдердің демалысын,сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру жолдары басталып та кетті.Мектеп жанынан «Қарлығаш» сауықтыру лагерьі ашылды.Лагерьде аз қамтылған 10-оқушы, мектептен 16 оқушы С.Мұқанов атындағы бастауыш мектеп жанындағы «Бәйтерек» лагерінде демалады. 2016 жылдың 26.05-10.6 аралығында көгалдандыру жұмыстарына 61 оқушы, үйірмелерге 30 оқушы қамтылды

Қорытынды:
1.2015-2016 оқу жылындағы тәрбие жұмысының іс-шаралары түгел атқарылды.
Ұсыныс:
1.Сынып жетекшілермен ата-аналар арасындағы байланыс нығайтылсын.
2.Жоспарда көрсетілген іс -шаралар уақытылы орындалсын.
3.Мерекелік іс-шараға арналған газеттер әр сыныпта шығарылып ілініп тұрсын.
4. Қабырға газеттерінің байқауы өткізіліп тұрсын.
6.Мектеп оқушыларының өзін-өзі басқару ұйымын құрып, тәжірбиеден өткізу.
7.Баспа беттеріне өткізілген іс-шараларды жариялау.


Мәншүк Мәметова атындағы орта мектебінің тәрбие жұмысының кестесі
(1-11 сыныптар)
Сыныптар Сабаққа қатысуы Сыртқы көрнісі Іс-шараға қатысуы Күнделігі Сыныптан тыс іс-шара Тәртібі Қоғамдық жұмыстарға Сынып сағаттары Ұпайы
1-сынып 4 3 3 4 3 4 - 4 25
2- сынып 4 4 4 4 5 4 - 3 28
3- сынып 4 4 4 3 3 3 2 3 23
4- сынып 4 4 4 4 2 4 3 3 28
5- сынып 4 4 3 2 3 3 2 2 21
6- сынып 3 3 3 3 1 2 3 2 20
7- сынып 4 2 3 3 3 3 3 3 24
8- сынып 4 4 3 3 2 3 3 3 25
9- сынып 4 4 5 4 4 4 4 4 34
10- сынып 4 4 3 4 4 4 4 2 29
11- сынып 4 4 5 5 3 3 1 1 26

1-10 ұпай төмен
11-20 ұпай орта
21-30 ұпай қалыпты
31-40 ұпай жоғары

Мәншүк Мәметова атындағы орта мектебінің тәрбие жұмысының мониторингі
(1-11сыныптар)

1)Жоғарғы ұпай:9сынып
2)Қалыпты ұпай:1-2-3-4-5-7-8-10-11сыныптар
3)Орта ұпай:6-сынып

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігі
Шу ауданы Мәншүк Мәметова атындағы
орта мектебінің коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Тәрбие жұмысының2016-2017 оқу жылына жұмыс жоспары
Бәйдібек ауылы
ҚР үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие жұмысының негізгі бағыттарына сәйкес 2015-2016 оқу жылына арналған тәрбие жұмысының жылдық
жоспары
Мақсаты : Қазақстандық патротизмді қалыптастыру , Отан сүйгіштік қасиеттерін жоғары дәрежедедамыған,өзін-өзі бағалай алатын,жеке тұлғаны тәрбиелеу
Міндеті:
* Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Елтаңбасын Әнұранын сыйлап,жоғары ұстау.
* Оқуда озат,қоғамдық жұмыстарға белсене араласуға, ізгілікке,адамгершілікке,өз бетімен білім алуға тәрбиелеу.
* Қоршаған ортаңа пайдаңды тигізу,өнерге баулу.
* Денсаулығы зор, рухани дүниесі бай,тәуелсіз жеке тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін тәрбие жүйесін құру
жәнедамыту.
* Балаларды Қазақстанға сырттан енуші этнодіни экстремизм мен түрлі радикалды ағымдарға қарсы әрекет ете алатын дағдылар қалыптастыру
* Отбасылық тәрбие жүйесін жандандыру.

Күтілетін нәтиже:
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін құрметтейтін, Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру:
2. Салауатты өмір салтын ұстану:
3.оқушылардың өзінің тәрбиелік деңгейін жақсы сезіне білуін қалыптастыру


Бекітемін
Мектеп директоры
_______Ж.Н.Шалбаева

Мәншүк Мәметова атындағы орта мектебінің 2016-2017 оқу жылына арналған тәрбие жұмысының жылдық
жоспары
№ Тәрбие бағыттары Жүргізілетін жұмыстар Өтілу түрі Мерзімі Жауаптылар
Қыркүйек
1 Азаматтық патриоттық құқықтық тәрбие «1-Қыркүйек білім күні» Салтанатты жиын.
а)Бағдарлама жасау
ә)1-11 оқушыларын даярлау
а) Концерттік бағдарлама дайындау
б) Білім күніне арналған «Білім сабағы» тексеру және анализ жасау.
в) Қазақстан жолы 2050; «Бір мақсат,бір мүдде,бір болашақ» , «Ұлы дала елімнің білімді ұрпақтары», «Мен өз Отанымның патриотымын»тақырыбындағы сынып сағатының өтілуін қадағалау. «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы. Салтанатты
жиын
Тәрбие сағаттары 01.09.2016ж Мектеп әкімшілігі
Сынып жетекшілер
2 Көп мәдениетті сананы қалыптастыру Қазақстан халқы «тілдері күні» апталық
а)бағдарлама жасау
в)тіл апталығы бойынша қорытынды Апталық мереке 12.09.-22.09
2016 ж Тіл мамандары
3 Отбасылық тәрбие Ата-аналармен жұмыс:
а) сыныптағы ата-аналар комитетін сайлау
ә) Мектептің ата-аналар комитетін сайлау
б) Ата –аналар комитетінің мақсатын белгілеу.
Отбасы мерекесі :
«Отбасы –бақыт мекені» атты апталық іс-шара жоспарын құру Жиналыс
Апталық мереке 24.09.2016ж

8-15.09 2016ж
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Г.Уалиева

4 Салауатты өмір салтын қалыптастыру «Денсаулық» апталығы жеке жоспар бойынша 1-11сыныптар бойынша
Вирусты гепотиттің алдын алу 01.09-07.09
2016ж
Қыркүйек,қазан қараша Апталық
Дөңгелек үстел
Әңгіме Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Г.Уалиева
аға тәлімгер
Б.Сатылғанов
Мед бике
Ж.Мамешова
Қазан
5 Патриоттық сананы қалыптастыру «Қарттарым –қазынам»
1-қазан Қарттар күні
а)бағдарлама жасау;
ә)сынып сағаттарының өтілуін қамтамасыз ету;
б)салтанатты кеш бағдарламасын дайындау 01.10.2016ж Ашық тәрбие сағаты Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Г.Уалиева
Сынып жетекшілер
6 Көп мәдениетті сананы қалыптастыру Мұғалімдер күніне арналған салтанатты жиын. «Ұстаз ұлы тұлға»
а)бағдарлама жасау;
ә)сынып сағаттарының өтілуін қамтамасыз ету;
б)салтанатты кеш бағдарламасын дайындау 04.10.2016ж
Ашық тәрбие сағаты Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Г.Уалиева
аға тәлімгер
Б.Сатылғанов
Сынып жетекшілер
7 Құқықтық тәрбие Қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу,есепте тұрған оқушылардың үйірмелер мен спорттық секцияларға қатысуын қадағалау Жыл бойы Спорттық шаралар Психолог,дене тәрбиесі және АӘД пән мұғалімі
8 Рухани адамгершілік
тәрбиесі Қорғаншылықтағы оқушыларды оқушыларды анықтау, көмек көрсету жұмыстары Үнемі Мәлімет дайындау,көмек Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары,
Психолог,сынып жетекшілері
9 Отбасылық тәрбие Ата-аналарға арналған кеңестер мен тренингтер
«Күз береке»атты күз мерекесіне арналған іс-шара жоспары
а)бағдарлама жасау
б)»Күзгі бал»
5-11сыныптар арасында қазан жиналыс Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Г.Уалиева
аға тәлімгер
Б.Сатылғанов
Сынып жетекшілер

Қараша
10 Патриоттық сананы қалыптастыру І-тоқсан бойынша сынып жетекшісінің іс-қағаздармен есеп беруі
а)сынып жетекшінің жұмысын бағалау 04.11-10.11
2016ж Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Г.Уалиева

11 Көп мәдениетті сананы қалыптастыру Әдістемелік бірлестіктің іс-қағаздарымен есеп беруі
а)Ұжымдық ойлау әрекеті негізіндегі тәрбие сағаттарының
тиімділігі 04.11-10.11
2016ж


Тренинг Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Г.Уалиева
психолог
12 Құқықтық тәрбие Діни экстремизмге қарсы тұрудың өзекті мәселелері
«Экстремизмге қарсы іс-қимылдар»
«Дін және экстремизм»»Діни сауаттылық қоғамның тұрақты дамушылық кепілі» 15.11.2016ж
19.11.2016ж
Дебат
Әңгіме
баяндама Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Г.Уалиева
Тарих пәні мұғалімі
Г.Уальбаева
13 Рухани адамгершілік
тәрбиесі «Мемлекеттік Рәміздерді»жоғары деңгейде қастерлеуде оқушылардарасында кеңінен насихаттау жұмыстары
а)жас ұрпақ бойында рухани адамгершілік ,рухани құндылықты отаншылдықты жәнеұлтжандылықты қалыптастыру
б) «Болашақ тұтқасы біздің қолымызда»
13.11-23.11.
2016ж
Саяси сабақ Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Г.Уалиева

14 Отбасылық тәрбие 1-желтоқсан Президент күні «Тәуелсіздік –тірегім,бақытым»
«Біздің Елбасы» 24.11.-29.11.
2016ж Тәрбие сағаты Сынып жетекшілер
Желтоқсан
15 Көп мәдениетті сананы қалыптастыру «Кемеңгер Елбасы»-атты тақырыбына салтанатты жиын ұйымдастыру
а)бағдарлама жасау;
ә)сынып сағаттарының өтілуін қамтамасыз ету;
б)салтанатты кеш бағдарламасын дайындау 01.12.2015ж Ашық тәрбие сағаты Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Г.Уалиева
Сынып жетекшілер
16 Салауатты өмір салтын қалыптастыру 1-желтоқсан «СПИД-қа қарсы күрес «СПИД-ХХІ ғасыр індеті» апталығын ұйымдастыру
«Темекі тарту-жақтау қарсылық көрсету» конференция ұйымдастыру 01.12.-12.12.
2016ж Ашық тәрбие сағаты
Конференция Мектеп әкімшілігі,
Психолог,
мед бике

17 Рухани адамгершілік
тәрбиесі Мектеп ережесінің орындалуын басшылыққа алу үнемі бақылау Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Г.Уалиева
18 Құқықтық тәрбие Құқықтық қарым –қатынас сағаты: Сенің және менің құқықтарым мен міндеттерім 12.12.2016ж Дөңгелек үстел Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Г.Уалиева
Психолог,сынып жетекшілер,мектеп инспекторы
«Тәуелсіздік туы –мәңгілік желбірейді»
а)бағдарлама жасау;
ә)сынып сағаттарының өтілуін қамтамасыз ету;
б)салтанатты кеш бағдарламасын дайындау
«Жас Ұлан», «Жас Қыран» ұйымына қабылдау рәсімі.

15.12.2016ж Ашық тәрбие сағаты.
Салтанатты жиын Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Г.Уалиева
аға тәлімгер
Б.Сатылғанов
Сынып жетекшілер

19 Отбасылық тәрбие Жаңа жылға дайындық апталығы
а)бағдарлама жасау
ә)ойыншықтар жасау
б)музыкалық номерлер,жаңа жылдық көріністер дайындау; 22.12.-29.12
2016ж Шырша кеші Директордың
тәрбие
ісі жөніндегі
орынбасары
Г.Уалиева
аға тәлімгер
Б.сатылғанов
Сынып жетекшілер
Қаңтар
20 Патриоттық сананы қалыптастыру Демалыс кезінде жүргізілетін іс-шаралар
а)ІІ-тоқсан бойынша сынып жетекшісінің іс-қағаздармен есеп беруі
ә)Әдістемелік бірлестіктің іс-қағаздарымен есеп беруі
б)ұстаздар мен 1-11сыныптар арасында спорттың әрбір саласынан эстафеталық ойындар және жарыстар 01.01-08.01
2017ж Анализ жасау
Мониторинг жүргізу Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Г.Уалиева

Сынып жетекшілер
21 Құқықтық тәрбие Қылмыспен құқық бұзушылықтың алдын алу,оқушылардың үйірмелер мен спорттық секцияларға қатысуын бақылау Жыл бойы Спорттық шаралар Психолог,дене тәрбиесі және АӘД мұғалімі
22 Отбасылық тәрбие Кітапханаға саяхат
1-сыныптар арасында
«Қайырымдылық жасау –мәдениетті адамның парызы»
Қайырымдылық акциясы 16.01.2017ж Саяхат

Акция Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары,
Психолог,сынып жетекшілері
Кітапханашы
Ж.Кенжеғұлова
23 Салауатты өмір салтын қалыптастыру Өзіндік сана түсінігі,
Тұлғаның өзін-өзі жетілдіруіндегі өзіндік сана-сезімнің рөлі 17.01.2017ж Сынып сағаты Өзін-өзі тану мұғалімдері,психолог,сынып жетекшілер
Ақпан
24 Рухани адамгершілік
тәрбиесі Қорғаншылықтағы оқушыларды анықтау ,көмек көрсету жұмыстары үнемі Мәлімет дайындау көмек Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Г.Уалиева
Психолог,сынып жетекшілер,
25 Көп мәдениетті сананы қалыптастыру Әдістемелік бірлестіктің жұмысын талдау
а)сынып жетекшілеріне кеңес беру жұмыстары
мектеп ережесінің орындалу барысын анықтау
02.02.-28.02.2017ж
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Г.Уалиева

26 Отбасылық тәрбие М.Мақатаевтің туған күн кешін ұйымдастыру
«Елі сүйген ер» \Д.Қонаев 105 жыл/ 09.02.2017ж Поэзия кеші Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;Г.Уалиева
Аға тәлімгер;
Б.Сатылғанов,сынып жетекшілері
Кітапханашы
Ж.Кенжеғұлова
27 Патриоттық сананы қалыптастыру «Ауғанның от жалыны» Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу 13.02.2017ж Кездесу Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары,
Г.Карнакбаева,сынып жетекшілері
Кітапханашы
Ж.Кенжеғұлова
28 Салауатты өмір салтын қалыптастыру Спорт секцияларының
Жұмысын ұйымдастыру үнемі бақылау Мектеп әкімшілігі, дене тәрбиесі мұғалімдері
29 Құқықтық тәрбие Тәрбиеге қиындық туғызатын баламен жұмыс түрлерін нығайту үнемі бақылау Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Г.Уалиева
Психолог,сынып жетекшілер,
Наурыз
30 Отбасылық тәрбие Отбасы- қоғамның ең басты тірегі
а)ата-аналармен кездесулер ұйымдастыру
ә)Аналар мерекесіне орай салтанатты жиын өткізу
06.03.2017ж
Жиналыс
Салтанатты жиын Директордың
тәрбие
ісі жөніндегі
орынбасары
Г.Уалиева
аға тәлімгер
Г.Қарнақбаева
Сынып жетекшілер
психолог
31 Құқықтық тәрбие Тәрбиесі қиындық туғызатын оқушылармен
және олардың ата-аналарымен әңгімелесу,кеңестер беру Наурыз
Педагогикалық
психологиялық кеңес Психолог,мектеп инспекторы
32 Көп мәдениетті сананы қалыптастыру Наурыз мерекесіне арналған апталық
а) а)бағдарлама жасау;
ә)сынып сағаттарының өтілуі
б)Газет ,журнал,қолөнер көрмесі Директордың
тәрбие
ісі жөніндегі
орынбасары
Г.Уалиева
аға тәлімгер
Г.Қарнақбаева
Сынып жетекшілер
психолог
32 Салауатты өмір салтын қалыптастыру Демалыс кезінде жүргізілетін іс-шаралар
а)ІІІ-тоқсан бойынша сынып жетекшісінің іс-қағаздармен есеп беруі
ә)Әдістемелік бірлестіктің іс-қағаздарымен есеп беруі
б)спорттың әрбір саласынан эстафеталық ойындар және жарыстар, Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Г.Уалиева

Сынып жетекшілер

Дене тәрбиесі мұғалімдері
Сәуір
33 Отбасылық тәрбие Достармен бірге сәуір «Достарым»
Ән байқауы Музыка пәні мұғалімі,сынып жетекшілер
34 Құқықтық тәрбие Құқықтық қарым-қатынас сағаты:Сенің және менің құқықтарым мен міндеттерім сәіур Құқықтық сағат Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Г.Уалиева
Психолог,сынып жетекшілер,мектеп инспекторы
35 Рухани адамгершілік
тәрбиесі «Ең үздік сынып жетекшісі» байқауы 29.04.2017ж байқау Сынып жетекшілер

Мамыр
36 Патриоттық сананы қалыптастыру 1« Қазақстан –достықтың киелі мекені»
а)Бағдарлама жасау
б)ашық тәрбие сағаттары мен сынып сағаттарын,
кездесулер өткізілуін қадағалау;
2. «Жеңіс күніне»арналған апталық
а)бағдарлама жасау
б)апталық бойынша іс-шаралар қорытындысы
в)әскери патриоттық тәрбие беру,мәліметтер жинау 02.05.2017ж


02.05-08.05.
2017ж Ашық тәрбие сағаты

Ашық тәрбие сағаты

Мерекелік кеш Директордың
тәрбие
ісі жөніндегі
орынбасары
Г.Уалиева
аға тәлімгер
Г.Қарнақбаева
Сынып жетекшілер
психолог
37 Көп мәдениетті сананы қалыптастыру Бастауыш сыныппен қоштасу ертеңгіліктері 17.05.2017ж кеш Директордың
тәрбие
ісі жөніндегі
орынбасары
Г.Уалиева
Сынып жетекшісі
38 Рухани адамгершілік
тәрбиесі Соңғы қоңырауға арналған салтаннатты жиынға іс-шараларға дайындық жұмыстары
а)бағдарлама жасау
б)1-11сыныптарды дайындау
в)концерттік бағдарлама даярлау
ІҮ-тоқсан бойынша сынып жетекшілерінің іс-қағаздары және есеп беруі
Жыл бойы тәрбиелік іс-шараларына диагностикалық карта жасау,нормативтік құжаттарын тексеру 25.05.2017ж
27.05.2017ж Салтанатты жиын

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігі
Шу ауданы Мәншүк Мәметова атындағы
орта мектебінің коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Әлеуметтік педагогтың
2015-2016 оқу жылының
жылдық есебі
Бәйдібек ауылы
Мақсаты:
Оқушылардың әлеуметтік-психо-педагогикалық ерекшеліктерін тексеріп және олардың микроорталығын, өмір сүру жағдайын, қажеттілігі мен қызығушылығын байқап, қиындығы мен проблемаларына, тәртібіндегі ауытқулар кезеңінде тез арада көмек және қолдау көрсету. Сондай-ақ мұғалімдермен, ата-аналармен немесе оларды ауыстыратын адамдармен жұмыс жасау.
Міндеттері:
1. Бала тұлғасын, оның эмоциялық күйін, оқу мотивациясының деңгейін, әлеуметтік жетілуін, қарым – қатынас құрылымы мен қызметін, жүйкелік – психикалық ауытқуларын, жеке қасиеттері мен қызметтерінің қалыптасуын психологиялық – педагогикалық тұрғыда жан – жақты анықтау.
2. Баланың тұлғасының дамып, қалыптасуына ықпал етуі, жанын жаралаушы факторларды, әлеуметтік ортаның жағымсыз ықпалдарын анықтау және зерттеу.
3. Микорәлеуметтік – педагогикалық «бетімен кетушілікті» (запущенность) жеңу және де әлеуметтік ортанның кері ықпалдары мен сәйкес емес тәрбие әдістеріне түзету енгізу.
4. Психологиялық жарақаттаушы жағдайларды шешуде, қоршаған ортамен жағымды қатынас қалыптастыруда, әлеуметтік мәртебені арттыруда, қалыпты мінез – құлық мәселесіне қатысты хабардарлығын дамытуда көмек көрсету.
5. Жоғары эмоциялар және әлеуметтік қажеттіліктерді (танымдық, этикалық, еңбек, эстетикалық) тәрбиелеу, өзін - өзі реттей білу тәсілдерін жетілдіру, интеллектуалды, эмоциялық және ерік сферасының және жеке психикалық функцияларының дамуы мен жетілуін ынталандыру.
6. Балалар ұжымында қабылдау, адамгершілік, мейірімділік, ашықтық және өзара түсінушілік, психологиялық қауіпсіздік, сенімділік, қарым – қатынас және дүниені танып білуде қуаныштылық ауа – райын ұйымдастыру.
7. Жеке топтарда ата – аналар мен тәрбиешілерге ұсыныстар жасау. (Келесі топтарда: тәуекел психологиялық дезадаптация бар топтар; жүйкелік ауытқулары бар және мінез акцентуациясына сәйкес топтар.)

Әлеуметтік педагогика – ортаның, қоғамның, тәрбиеге, әлеуметтенуге әсер ету факторын зерттейтін педагогиканың бір саласы.
Әлеуметтік педагогиканың мақсаты –оқушыларға әлеуметтік көмек ұйымдастыру, тек көмек күтуші емес проблеманы шешу үшін өздігінен жол табуына көмектесу, рухани жан дүниесін танып білу, қатарға қосу жұмыстарын ұйымдастыру.

Отбасы. Бала. Мектеп.
Бір-бірінен ажырағысыз үш ұғым.
Отбасы бар жерде бала бар,
Бала бар жерде мектеп бар.

Енді, мектебіміздегі әлеуметтік педагогтың қызметтік функцияларына тоқталайық.:
• Аз қамтылған жағдайы төмен, жетім, жартылай жетім және көп балалы отбасы балаларының тізімін жасау;
• Аз қамтылған жағдайы төмен, жетім, жартылай жетім және көп балалы отбасы балаларын тегін оқулықпен қамтамасыз ету;
• Аз қамтылған жағдайы төмен, жетім, жартылай жетім және көп балалы отбасы балаларын бір мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз ету мақсатында оқушылардың құжаттарын рәсімдеу;
• Жалпыға бірдей міндетті білім беру қорынан материалдық көмек берілетін оқушылардың тізімін талдау және бекіту;
• Үйден оқытуды қажет ететін оқушылардың тізімін анықтау және үйде оқыту жұмыс жоспарының орындалуын қадағалау;
• Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі және облыстық білім басқармасымен "Мектепке барар жол” атты басшылыққа ала отырып,мекеме басшыларымен, кәсіпкерлермен бірігіп қамқорлық акциясын ұйымдастыру;
• Мектеп жанындағы лагеріне жағдайы төмен отбасы балаларының тартылуын қадағалау;
Оқумен қамтылмаған балаларды анықтау, аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасынан шыққан оқушыларға, жетім балаларға қамқорлық жасау