Zhambyl region
Шу ауданы білім бөлімінің
"М.Маметова атындағы орта мектеп"
Education Department of Kordai district
Reception room :
+7(72636) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72636) 23-11-37
Version for
visually impaired
08
февраль
2017

тәрбие сағаты

Тақырыбы: « Желбіре туы Жеңістің! »
Мақсаты: Оқушылардың бойында Отанға және туған елге деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін қалыптастыру. Ұлы Отан соғысы, оның халыққа тигізген зардаптары, жауынгерлер жайлы, Ұлы жеңістің мән-маңызы туралы мағлұмат беру. Отан үшін жанын қиған батырлардың ерліктеріне тағзым ете отырып, оларды құрметтеуге тәрбиелеу. Патриотизмге, елжандылыққа, батылдыққа баулу.
Көрнекіліктері: Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Бауыржан Момышұлы портреттері, слайд, кітап көрмесі.
Барысы:
І жүргізуші: Құрметті ұстаздар және оқушылар! Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 71 жыл толып отыр бұл мерекені лайықты атап өту қазіргі ұрпақтың парызы. Жыл өткен сайын Отан үшін болған ұрыстың маңызы және онда қаза болған бабаларымыздың ерліктері мәңгі жадымызда. Ерлік ешқашан да ұмытылMayды. Ұлы Отан соғысына Қазақстаннан 1 миллион 700 мыңнан астам жауынгер қатысты. Олардың басым көпшілігі ұрыс даласында қаза тауып, хабар-ошарсыз кетті. Қазақстаннан құрылған әскери дивизия ең қауіпті жерлерде соғысты. Генерал Панфилов бастаған 28-ші дивизия жауынгерлерінің аттары Ұлы Отан соғысының тарихына алтын әріптермен жазылды.
ІІ жүргізуші:
Жеңіс күні, Жеңіс жыры
Асқақтата шырқалсын.
Ардагерлер қалауы
Мәңгі өшпесін алауы.
Желбіресін жеңімпаздар жалауы,-дей отырып оқушылардың дайындаған өлең жолдарына кезекті берейік.
І жүргізуші: Ата-анасынан ерте айрылған Мәншүк жастық шағын да тәрк етті. Ел үшін қан төгіп, жан беріп жатқан отандастарына қалай да өз жәрдемін бергісі келген ниетпен, 1942 жылдың тамыз айында «Қызыл армия» қатарына алынды.
1943 жылдың 15 қазанында Псков облысындағы Невель қаласын босату үшін Изоча станциясындағы 173,7 биіктігінде қантөгіс соғыс болды. Сол күні Мәншүк жан серігі - пулеметімен дамылсыз оқ атып, ерен ерлік көрсетті. Жауыз жаудың Мәншүкке қарсы атқан оғы оның ажал оғы болып, өрімдей қызды қыршыннан қиып түсті.

ІІ жүргізуші:
Әнұран орындалады (хормен)

Бекбосын Досбол:
Жігіт кетті Mayданға
Тал бойында бес қару.
Айрылған арманда
Қалды артында жас ару.
Жас жүрегі бір түрлі
Алқымына тығылып,
Алғашында бір тұрды
Қалам ба деп жығылып.

Бағланқызы Дана:
Сен құрметте оны,
Түсіндің бе, қарағым,
Ол ақшаға сатқан жоқ,
Тізеден кесіп аяғын,
Кеше елге қатер төнгенде,
Ол жауға қарсы шапты,
Жалмамақ болған біздерді
Өр кеудесімен жапты....

Ашимов Акрам:
Жеңіс деген өтеуі жас ғұмырдың,
Жеңіс деген бейбіт күнім, бүгінім.
Жеңіс тойын жақындатып әкелген
Төккен қаны, әке - аға, інінің.

Әзімханұлы Думан:
Жеңіс деген шат күлкісі баланың,
Тыныштығы жер мен жаһан даланың.
Жеңіс деген сылдыр күлкі, асқақ ән,
Тыныштығың сол Жеңістен басталған.
Көрініс: «Бауыржан Момышұлы» (Ә.Нұршайықов «Ақиқат пен аңыз» роман-диалогынан үзінді)
І жүргізуші:
Соғысқа 61 мемлекет, дүние жүзі халқының 80%-ы қатысты. Соғыс қимылдары 40 мемлекет жерінде жүріп, 110 млн адам әскерге алынды. 50 — 55 млн адам қазаға ұшырады. Фашистік Германияның мақсаты бүкіл Кеңес халқын құлға айналдыру, жерін басып алу еді. Германия фюррері Адольф Гитлердің қанқұйлы саясаты Кеңес халқын дүр сілкіндірді.

ІІ жүргізуші:
Бүкіл Кеңес халқының 20-25 млн-нан астам ержүрек ұлдары мен қыздары құрбан болды. Бұл соғыста милиондаған әйел жесір, балалар әкесіз қалды, аналар ұлдарынан айырылды, соғыстың қайғысы өзегін өртемеген, оның құрбандығына шалынбаған отбасы қалмады. Фашистік қарақшылар 1710 қала мен поселкілерді, 70 мың село мен деревняны құртып жіберді. Ұлы Отан соғысына Қазақстаннан 1 млн. 70 мың адам қатысса, олардың басым көпшілігі ұрыс даласында қаза тапты, хабар-ошарсыз кетті. Жеңіс жеңілдікпен келген жоқ.

Кітапханашы кітап көрмесіндегі кітаптармен таныстырады.

Ашимбекоа Камила:
Берлин Операциясы — Ұлы Отан соғысы барысындағы аса ірі шабуыл операцияларының бірі. 1945 ж. 16 сәуір мен 8 мамыр аралығын қамтыды. Оған Қазақстанда жасақталған үш атқыштар дивизиясы мен бір артиллерия, екі атқыштар полкі қатысты.

Рысқұлов Хамит:
Рейхстаг ғимаратына алғашқылар қатарында лейтенант Р. Қошқарбаев пен қатардағы жауынгер Г. Булатов бірінші болып еніп, ту тікті. 2 мамыр күні бүкіл Берлин қаласының әскери күштері қаруларын тастады. 8 мамыр күні сағат 22-ден 43 минут өткенде Берлин қаласы жанындағы Карлсхорст деген жерде германдық қолбасшылар өкілдері үзілді-кесілді тізе бүгу туралы актіге қол қойды.

Мақтабек Нұрдос:
Берлин операциясы кезінде кеңестік әскерлер 78291 адамынан айырылды, 274 184 адамы жаралы болды. Жау жағы жаяу әскерлерден тұратын 70 дивизиясынан, моторлы техникалы 23 дивизиясынан айырылды, 480 мың адамы тұтқынға алынды. Осынша шығындарға қарамастан, қан төгіс Mayданда Кеңес халқының ержүрек, батыл азаматтары Жеңіске жетіп, келер ұрпаққа бізге жарқын болашақты сыйлады.

Ән: «Болмасын соғыс» (хормен)

І жүргізуші:
Байтақ Отан сия ма тар қыспаққа?
Мұхиттай жігер тасып сол бір шақта
Жан-жақтылы соққыдан жау қирады,
Жеңіс туы қадалды Рейхстагқа!

Күткен Жеңіс жарқ етті сәуле шашып,
Жеңіс келді, қуандық көңіл тойып
Жауды жойып батырлар елге оралды,
Ата-анамен қауышты құшақ жайып.

ІІ жүргізуші:
Мамыр келді ағаштар бүрін жарып,
Бейбіт өмір оралды күні жарық
"Шүкір" деп әжелер жүр ақ жаулықтың
Ұшымен көздің жасын сығып алып,

Аспанда күн жарқырап күліп тұрды,
Бейбіт өмір шаттығы тұнып тұрды.
Соғыстан соңғы сәби күлкісімен,
Қара күндер қайғысын ұмыттырды.

Ән: «Көк тудың желбірегені» Середаев Диас
Бекбосын Досбол:
Сүйінші елім, сүйінші
Сүйіншіге сүйінші!
Қуан ата-анамыз,
Әжелер мен бабамыз.
Соғыс бітті жеңіспен,
Кешікпей елге барамыз.
Фашистің туын құлаттық,
Әскерін қырып сұлаттық.
Қанды шелек сұмдарды,
Қан құстырып жылаттық.
Ардақты Отан сен үшін,
Туып-өскен жер үшін.
Құрбан болды сан ұлың,
Әлпештеген ел үшін.
Құрбан қылып шыбын жанымды,
Төктім талай қанымды.
Неше өліп, тірілдім,
АяMay бойда барымды.
Мақтан ет ана ұлыңды,
Қойдай боп дұшпан қырылды.
Әлемнен фашист жоғалып,
Гитлердің басы жұлынды.
Әкесін күтіп бала отыр,
Баласын күтіп ана отыр.
Бір көрсем деп ел-жұртты,
Дүрсілдеп жүрек және тұр.
Сағыныштан сарғайып
Солдаттардың жары отыр.
Қайтады елге ерлерің,
Гүлденер қайта жерлерің
Ұмытылар ертең-ақ
Қиыншылық көргенің.
Би: «Смуглянка»

І жүргізуші: Отанымызды сүйіп, қастерлей білейік. Ата-баба дәстүрін, әдет-ғұрпын берік ұстанып, үлкенге ізетті, кішіге ілтипатты болайық. Оңайлықпен келмеген тәуелсіздігіміздің туы мәңгілік желбіреп тұрсын.
ІІ жүргізуші: Ел-жұртымыз аман, берекелі заман болсын! Отанымызды сүйетін азаматтарымыз көбейе берсін!
Мұғалім:
Қазір боздақтарды еске алу үшін 1 минут үнсіздік жариялаймыз. (Бәрі орындарынан 1 минутке үнсіз тұрып, еске алады).