Zhambyl region
Шу ауданы білім бөлімінің
"М.Маметова атындағы орта мектеп"
Education Department of Kordai district
Reception room :
+7(72636) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72636) 23-11-37
Version for
visually impaired
» » Отбасы-бақыт мекені
08
февраль
2017

Отбасы-бақыт мекені

Мәншүк Мәметова атындағы орта мектебінде Отбасы күнін мерекелеуге арналған «Отбасы –бақыт мекені» атты апталығын өткізу туралы мәлімет

Мектепте Отбасы күнін мерекелеуге арналған «Отбасы -бақыт мекені» атты апталықтың іс-шара жоспары бекітілді.Сыныптарда тәрбие сағаттары жоспар бойынша жүргізілді.Атап айтатын болсақ 6-сыныпта «Отбасы –кіші мемлекет» атты тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатының мақсаты:отбасындағы қарым –қатынас мәдениеті туралы түсінік беру, бақытты жанұяның моделін дайындау.Жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа, ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу.Үлкенді үлгі,кішіні мақтан етуге,отбасының бірлігін сақтап,жанұяның мақтаны болуға тәрбиелеу.Оқушылардың отбасы туралы түсініктері толық бар екенін анықталды. 7-сыныпта «Менің Отбасым»тақырыбында эссе жазды.1-8 сыныптар арасында «Менің отбасым-менің бақытым» тақырыбында сурет байқауы өткізілді. Денешынықтыру пәнінің мұғалімдері «Отбасы бақыты-ұлт болашағы» тақырыбында спорттық жарыстар жүргізді.Технология пәнінің мұғалімі «Өз балаңа үлгі бол» тақырыбында көрме ұйымдастырды.Бастауыш сыныптар арасында «Менің бақытты отбасым» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.