Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"М.Маметова атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мәншүк Мәметова атындағы орта мектебінің 2016-2017 оқу жылға арналған кәсіптік бағдар беру жұмыстары туралы
09
февраль
2017

Мәншүк Мәметова атындағы орта мектебінің 2016-2017 оқу жылға арналған кәсіптік бағдар беру жұмыстары туралы

Мәншүк Мәметова атындағы орта мектебінің 2016-2017 оқу жылға

арналған кәсіптік бағдар беру жұмыстары туралы

Мәлімет

Мәншүк Мәметова атындағы орта мектебінде 2017 жылы қаңтар айынан бастап кәсіптік бағдар беру жоспары

құрылып, іс-шаралары бекітілді.Мектепте кәсіптік бағдар беру жұмысы бойынша кабинет жасақталып барлық

жұмыстар атқарылуда .Атап айтатын болсақ «Мен таңдаған мамандық» дөңгелек үстел 10 сынып арасында қазақ

тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Қ. оқушылармен бірлесіп өткізді.

Дөңгелек үстелге ардагер ұстаз А.Ақботаева шақырылды .

 

 


 

Мектеп психологы А.Бақбергенова 9-10 сынып оқушыларына «Болашақта қандай мамандық таңдаймын?»

сауалнамасын және «Мамандықты тап!» тренингін жүргізді.Тренинг оқушыларға өте жақсы әсер етіп,оларды

әр түрлі мамандықтарды құрметтеуге үйретті. «Ашық есік күні белгіленіп Бірлік

ауылындағы «Асфальт» зауытына 9-10 сынып оқушыларын топсеруенге

апарып зауыттың жұмыс істеу тәртібімен,ондағы құрылғылармен таныстырып,біраз мағлұмат алып қайтты.