Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"М.Маметова атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
08
февраль
2017

эссе

ШалбаеваЖазираНургабыловна директор
Мәншүк Мәметова атындағы
шағын орталықты орта мектебі
Шу ауданы
Жамбыл облысы
Zhazi_0508@mail.ru
Қазіргі білім берудегі өзгерістерге менің көзқарасым.
«Әр адамның бойында күн бар,тек оның нұрлануына мүмкіндік беру керек»
Сократ
«Қазақстанда болашақта өмір сүретіндер – қазіргі мектеп оқушылары» ,- деп елбасымыз Н.Ә.Назарбаев атап өткендей, ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды . Жас ұрпаққа сапалы, мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру – бүгінгі күннің басты талабы. Қазақстан Республикасы жалпы білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру бағдарламасының мақсаты да үздік әлемдік педагогикалық тәсілдер мен білім беру тәжірибесі негізінде білім беру ұйымдары басшыларын кәсіби дамыту.
Егер де осы жаңашылдыққа бет бұрсақ, біз өз өміріміздің алдағы уақытта жарқын болатынын көреміз деп сенімді айта аламын. Әрбір оқушыны оқытып тәрбиелеуге байланысты мәселелерді өздігімен және шығармашылық ынтамен шешуге қабілетті жаңашыл мұғалім керек. Жаңа, тез өзгермелі, білімді де білікті, тың серпіліске, өзгеруге дайын және жаңа талап межесінен көріне алатын шығармашыл да кәсіби шебер мұғалімдерді қажет етіп отырғанына көзіміз жетті. Оқушылардың мектепте табысты оқуы ғана емес, өмірде де табысты болуы мұғалімнің қабілетіне, оның құзыреттілігіне байла-нысты екенін терең түсіндім. Мұғалім оқушылар үшін қандай да бір пән бойынша білім беретін адам ғана емес, сондай-ақ олардың оқудағы еңбегін қызықты, тиімді ұйымдасты- ра алатын, оларға үлгі болатын ерекше тұлға болуы керек. Жаңа заман мұғалімнен күнделікті оқушылармен қарым-қатынас барысында әрбір ситуация үстінде ерекше білім деңгейін көрсетуді және шығармашыл шешім қабылдай алуын талап етіп отыр. Оны қанағаттандыру үшін қазіргі заманның мұғалімі жаңашыл, икемді, өзгерісті тез қабылдай алатын, жан-жақты, жаңа педагогикалық инновациялық технологияларды меңгерген болуы керек. Соңғы жылдары педагогикалық теорияда және оқу-тәрбие үдерісінде айтарлықтай өзгерістер болып жатыр.
Білім берудегі жаңғырту мен инновациялық үрдістердің жалғасуына ықпал етудің маңызды факторының бірі –мектеп басшысының жаңашылдыққа бет бұрып ,ең алдымен өзгерісті өзінен бастауы керек.
Елбасымыз Н. Назарбаев халқымыздың болашағы туралы тереңнен толғай, «Мемлекетіміздің ең басты дүниесі тек қана табиғи байлық емес, сонымен қатар жасөспірім ұрпағы, өйткені олар- біздің ұлтымыздың болашақ айнасы» дегені баршамызға мәлім. Олай болса, жас ұрпаққа білім мен тәрбие беретін ұстаз.
Бүгінгі таңда білім беру үдерісіне нақты өзгерістер енгізумен қатар болып жатқан тың жаңартулар, ауқымды өзгерістер мен ғылыми зерттеулер білім беру қызметіне жаңаша серпінмен қарауды, әрі қол жеткен табыстарды бағалай отырып, болашақ мамандардың шығармашылық қабілетін дамытуды, оқытушы іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды көздейді. Сондықтан мектеп басшысы өзінің ұжымында осы жаңалықтарды өзінен бастап енгізуіне себеп болатын – осы курстан алған білімім көмектеседі деп ойлаймын.
Теги:
эссе

Похожие публикации:

08 февраль 2017 ашық сабақ