Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"М.Маметова атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Ұстаз-ұлы тұлға" сценарий
08
февраль
2017

"Ұстаз-ұлы тұлға" сценарий

«Ұстаз- ұлы тұлға»

1-жүргізуші: Армысыздар,ардақты ұстаздар! Баршамыздың сауатымызды ашып , білім нәрімен сусындатып,өмірге қанат қақтырған-ұлағатты ұстаздар.
Мерекелеріңіз құтты болсын!

2-жүргізуші:Сәлем бердік, ұстаздар, баршаңызға,
Сіздермен тола берсін ортамыз да.
Бүгінгі ел басқарған азаматтар
Білім алған сіздердің арқаңызда.

1-жүргізуші:Бүгінгі күн құшақтарың гүлге толсын,
Дендеріңнің саулығы мықты болсын.
Білімменен суарған шәкірттерін,
Төл мерекең, ұстаздар, құтты болсын!

2-жүргізуші:Ұстаздарым биік тұлға байсалды,
Құшақ жайып өз мерекең қарсы алды.
Қуанышты жарқын тілек білдіріп,
Құттықтаймыз, ұстаздарым, баршаңды.

1-жүргізуші: Оқымысты, білгіш ғалымнан,
Оқушы жас жалыннан
Мархабатты ойшылдан,
Мал өсірген қойшыдан.
Жазушыдан, ақыннан,
Ой шалқытқан күйшіден.

2-жүргізуші: Өнері көп актерден,
Өндіргіш ер, шахтерден.
Бой балқытқан бишіден,
Ғарышкерден, батырдан.
Отандық жас кәріден,
Оқушының бәрінен.

Бірге: Ұстаздарға мың алғыс!
Ән: «Ардақты ұстазым» Мақтабек Толғанай, Иманбек Алуа

1-жүргізуші : Жазира тәтей, мектепте орны бөлек,
Сүйеді шәкірттерің сізді ерек.
Тамыры тереңге тартқан нәрлі ағаштай,
Әрқашан аман болып жүрсін дер ек.

Похожие публикации:

08 февраль 2017 ашық сабақ
08 февраль 2017 тәрбие сағаты